22.10.2018, 15:00 4527

Қызылордада республикалық қобызшылар байқауы мәресіне жетті

Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардыӊ шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - Сыр өӊірінде "Қорқыт. Қобыз" атты қылқобызшылар мен қобызбен жыр айтушылардыӊ республикалық байқауы болып өтті.

Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардыӊ шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз - дәстүрлі музыка жаӊғырған байқауда 17-55 жас аралығындағы 17 өнерпаз бақ сынады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылорда облыстарынан келген қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін шертсе, қобызбен жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидіӊ хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, ортағасырлық дәуірдегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындады.

Байқау барысында прима қобыз, фортепиано сүймелдеуімен сазды күйлерді нақышына келтіре орындаған өнерпаздар арасынан астаналық Шолпан Шарапатова шашасына шаӊ жұқтырмай, бас жүлдеге ие болды. І орынды алматылық Аятолла Тұрғанов пен қызылордалық Айнуза Бегімсалова иеленсе, ІІ орынды оралдық Мөлдір Жалмұханбетова мен алматылық Исел Қыдырмұрат, ІІІ орынды шымкенттік Анарбек Мырзабай мен қызылордалық Айдана Рүстембек бөлісті.

Қобызбен жыр айтушылар арасындағы сында қызылордалық Марат Сүгірбай, алматылық Қазбек Идікей, қостанайлық Қыдырбек Қиысхан, қарағандылық Илібек Бимендин жүлделі болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны