20.11.2018, 14:59 4384

Қызылордада "Рухани жаӊғыру - жастар таӊдауы" тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті

"Zhas project" жастар корпусын дамыту жобасы аясында жүзеге асқан жастарға кәсіби бағдар беріп, мамандық таӊдауға ықпал ететін "Кәсіптік бағдарлау орталығыныӊ" негізін қалаушы, психолог-коуч Исем Жақаева мамандық таӊдауда негізгі ұстанымдарға тоқталып өтті.

Қызылорда. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қызылордадағы И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани жаӊғыру - жастар таӊдауы" тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті.

Шара барысында "Ізет" қоғамдық қорыныӊ директоры, бизнес-тренер Шыӊғыс Үмбетаев әрбір қазақстандық жас Елбасы мақаласында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек екендігін атап өтті. "Zhas project" жастар корпусын дамыту жобасы аясында жүзеге асқан жастарға кәсіби бағдар беріп, мамандық таӊдауға ықпал ететін "Кәсіптік бағдарлау орталығыныӊ" негізін қалаушы, психолог-коуч Исем Жақаева мамандық таӊдауда негізгі ұстанымдарға тоқталып өтті.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" жолдауы пікір алмасу кешініӊ негізгі тақырыбына айналды. Жастар белсенді пікір білдіріп, мамандардан өзекті сұрақтарына жауап алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны