31.05.2017, 16:56 9613

Қызылордада "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" халықаралық форум болып өтті

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаӊғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылы 30-31 мамырда Қызылорда облысында "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Ибдіқалықова, КХА Төрағасыныӊ орынбасары Д. Мыӊбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оӊтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өӊірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаӊғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды.

Форум аясында "Тарихи жады және тағылым - рухани жаӊғырудыӊ негізі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

- Сондай-ақ, "Алжир" деректі фильмініӊ көрсетілімі; "Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917-2012)" хрестоматиясыныӊ таныстырылымы; "Тар жол-тайғақ кешу" тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қайырымды ел" қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдыӊ Қоғамдық келісім кеӊесініӊ жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.

Сонымен бірге, Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаӊартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен "Азалы тарихқа тағзым" атты митинке қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны