25.12.2006, 15:49 3975

Қызылордада салынып жатқан базардың бір бөлігі құлап түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қызылордада бір жыл бұрын өртеніп кеткен "Отырар" базарының орнына салынып жатқан базардың бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

"Отырар" базары Қызылордадағы ең ірі базарлардың бірі болған. 2005 жылдың қараша айында жаңадан жөндеу жұмыстары жүргізілген базарда өрт шыққан болатын. Өрт екінші және үшінші қабаттағы барлық сауда орындарын, жиhаз салонын, сонымен қатар қойма орындары мен көршілес орналасқан "Сыбаға" базарының бірнеше сауда жаймаларын жалмаған.

"Жергілікті билік өкілдері өрттен зардап шегіп, бір сәтте барлық "жеп отырған нандарынан" айрылған саудагерлерге қандай да бір көмек көрсету үшін арнайы қайырымдылық қорын құруға мәжбүр болған",- деді облыстық ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары Илия Ибраева.

Өртенген базардың иелері мемлекеттік сәулет-құрлыс басқармасының тыйым салуына қарамастан, базарды қайта салуға шешім қабылдаған болатын. "Бұл сауда үйі ешқандай жобасыз, ешқандай рұқсат құжатынсыз заңсыз салынып жатқан. Біздің басқарма құрылысты тоқтату туралы ұйғарым шығарып, оларға жолданған болатын", - деп хабарлады басқарма бастығының орынбасары Имірхан Бәкіров Kazakhstan Today тілшісіне.

Оның сөзіне сүйенсек бұл нысанда қарапайым құрылыс ережелері бұзылған. "Жұмысшылар бұрын қолданылған жабын плиталарын қолданған, сондықтан да екінші қабаттың тіреулері салынып жатқан үшінша қабаттың салмағын көтере алмаған",- деді И. Бәкіров. "Енді ұйғарымды орындамағандықтары үшін прокурорға шағымданудан басқа жол жоқ", - деді басқарма бастығының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны