16.05.2017, 17:40 4407

Қызылордада "Сәтті қадам" жобасы аясында ашық есік күні өтті

Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін еӊбекке тартуды көздеген шарада "Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Есенжол Назаров "Сәтті қадам" жобасы жайлы тарата айтты.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалыныӊ мәжіліс залында "Жас Отан" Жастар қанатыныӊ ұйымдастыруымен партияныӊ "Сәтті қадам" жобасын түсіндіру мақсатында түлектерге арналған ашық есік күні өтті.

Жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін еӊбекке тартуды көздеген шарада "Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Есенжол Назаров "Сәтті қадам" жобасы жайлы тарата айтты.

Жоба бағыттарына жеке-жеке тоқталған ол биыл да ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған жас мамандардыӊ жұмыс табуына мүмкіндік беріліп отырғандығын ерекше атап өтті.

"Нұр Отан" партиясы "Тұран" филиалы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Шәкизат Қаратайұлы "Сәтті қадам" жобасы аясында тағылымдамадан өтуге ұсыныс білдіргендердіӊ қатары көп болғанымен, нақты нәтиже көӊіл көншітпейтіндігін тілге тиек етіп, партия тарапынан жасалған әріптестік меморандумныӊ негізгі шарттарын тиімді пайдалану керектігін айтты.

Жиын соӊында жасалған түсіндірмелер және шараны ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде ұсынымдар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны