28.09.2018, 17:33 6311

Қызылордада Сырдарияныӊ сол жағалауындағы алғашқы нысанныӊ ашылу салтанаты өтті

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жиналған көпшілікті Қызылорда қаласыныӊ мерейтойы және орталықтыӊ ашылу салтанатымен құттықтады.

Қызылорда. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорданыӊ 200 жылдық мерейтойы қарсаӊында қаланыӊ сол жағалауындағы жаӊа нысан - "Рухани жаӊғыру" орталығы мен қалалық мұражай ғимаратыныӊ ашылу салтанаты өтті. Нысан 1925 жылы ұлтқа "қазақ" атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратыныӊ сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және бірқатар қоғам қайраткерлерініӊ қатысуымен Қызылорданыӊ 200 жылдық мерейтойы аясында сол жағалаудағы "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Қатысушылар қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, аймақтыӊ әлеуметік-мәдени дамуындағы жетістіктерін атап өтті.

"Өздеріӊіз білетіндей, Қазақстан бойынша ауқымды "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы жүзеге асуда. Соныӊ ішінде Қызылорда облысында ескерткіштер салынып, тарихи жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін біз тек архитектуралық ескерткіштіӊ жай көшірмесі ғана емес, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында шаралар өткізілетін маӊызды мәдени нысанныӊ ашылуына қатысып отырмыз", - деді сөз сөйлеушілер.

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев жиналған көпшілікті Қызылорда қаласыныӊ мерейтойы және орталықтыӊ ашылу салтанатымен құттықтады.

"Биыл біз Астана мен Қызылорда қаласыныӊ мерейтойын атап өтудеміз. 20 жыл бұрын Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанныӊ Елордасын Астана қаласына көшіру туралы стратегиялық шешім қабылдап, сол арқылы жасампаз мемлекетіміздіӊ тұтастығын қамтамасыз етті. Қызылорда Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ сынды ежелгі астаналардыӊ және Ақ Орда мен Алтын Орда сияқты хан ордаларыныӊ аумағы, Кеӊес Одағы кезінде Қазақ Республикасыныӊ астанасы, сондай-ақ, ағарту, саяси және өнеркәсіптік даму орталығы болды. Ұлтымыздыӊ ресми "қазақ" аталуы туралы шешім де осы киелі мекенде қабылданды. Биыл Елордамыз Астананыӊ 20 жылдық және Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойларын қатар атап өтудеміз. Бұл Қазақстанныӊ алғашқы және қазіргі астаналары арасындағы ерекше рухани байланысты аӊғартады деп ойлаймын. Біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап әрі жаӊғыртуымыз керек",- деді аймақ басшысы.

Естеріӊізге сала кетейік, 2017 жылы Сырдарияныӊ сол жағалауында жаӊа қаланыӊ құрылысы басталған болатын. Қазіргі таӊда жеке инвестициялардыӊ қаржысы есебінен 18 көпқабатты тұрғын үйдіӊ, "Болашақ" университеті кампусыныӊ және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеӊберінде 320 орындық балабақшаныӊ, мемлекет қаржысы есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығы мен қажетті инфрақұрылымдардыӊ құрылысы жүргізілуде. 2019-2020 жылдары сол жағалауда бірқатар көпқабатты үйлер, мектептер, облыстық көпсалалы аурухана, неке қию сарайы, балабақша, физика-математикалық мектеп жатақханасымен бірге, сауда-ойын сауық кешенін салу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мерейтой қонақтары іссапар барысында И.Тәжібаев атындағы кітапхана жанынан ашылған ІТ-паркі, Н.Назарбаев зияткерлік мектебі, "Рухани жаӊғыру" орталығы, Достық үйі мен өнер Арбатыныӊ жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ Қызылорданыӊ 200 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар: "Қауын-Қарбыз", "Қымыз-Шұбат" және "Бауырсақ" фестивальдеріне қатысты. Сондай-ақ, кешке Н.Бекежанов атындағы драма театрында салтанатты шара мен орталық алаӊдағы гала-концерт өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны