30.07.2008, 15:10 2356

Қызылордада су қамтамасыздығына қатысты мәселе күрделілене түсті

Қызылордада су қамтамасыздығына қатысты мәселе күрделілене түсті

Қызылорда. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада су қамтамасыздығына қатысты онсыз да күрделі мәселе тіптен күрделілене түсті. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық әкімдіктегілер хабарлады.

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың жергілікті телерарна арқылы берген сұхбатына сәйкес, "басты су жинағыштың насосты станциясында апат болуы - оған себеп. Облыс орталығына су беретін төрт насостың тек екеуі ғана жұмыс істеп тұр, олардың өзі бірақ әрең-пәрең ілдебайға көнуде. Оларды пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Жабдықтар ең жоғары жүктемемен жұмыс істеп тұрғандықтан, қайта-қайта істен шыға береді".

"Қызылорда су жүйесі" ҚКК директоры Мұрат Өсербаевтың айтуынша, "су жинау және тазарту құрылғыларының кешені 1968 жылы іске қослыған. Бүгінгі күні 123,5 шақырым су құбыры желілері мен 5 ұңғының тозығы жетіп тұр". Ал күрделі қаржы келесі жылы ғана бөлінбек. Облыс әкімі қала басшылығына ақшаны тез арада табуға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны