17.01.2012, 11:19 3990

Қызылордада тағы бір үшем дүниеге келді

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тағы да үшем дүниеге келді. Былтыр бұл кентте осындай екі оқиға тіркелген болатын.

Қызылорда. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылордада тағы бір үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тағы да үшем дүниеге келді. Былтыр бұл кентте осындай екі оқиға тіркелген болатын.

Бұл жолы үш нәресте Ишімовтер отбасын қуанышқа бөледі. Бұған дейін бұл отбасында 6 жасар бір қыз бала өсіп келе жатқан болатын. Отағасы Тимур Бекетұлының жасы 32-де, ал сәбилерге өмір сыйлаған ана Бағжан Серікқызы 30-да, облыстық денсаулық саласында жұмыс жасайды.

Бағжан үшемді Алматы қаласының перзентханасында босанды. Осыған дейін перзентханада дәрігерлердің жіті қадағалауында болған сәбилер жуырда отбасына оралып, үй-ішін жанға толтырып жатыр.

Бұл биыл аймақ бойынша дүниеге келген алғашқы үшем.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны