22.10.2018, 14:36 4338

Қызылордада тарихшылар слеті өтті

"Өзгені тану үшін, алдымен өзіӊді тани біл!" деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Сыр өӊіріндегі қасиетті жерлер киелі орындардыӊ бүгінгі жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысында "Туған жерге тағзым" жобасы аясында екінші рет тарихшылар слеті өткізілді. "Сыр өӊірі ежелгі заманнан бүгінге дейін" тақырыбында өткен слетте ежелгі қалалар мен кесенелер, тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы өзекті мәселелер талқыланды.

"Өзгені тану үшін, алдымен өзіӊді тани біл!" деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Сыр өӊіріндегі қасиетті жерлер киелі орындардыӊ бүгінгі жай-күйі де назардан тыс қалған жоқ.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында орта мектептерде "Өлкетану" пәні енгізілді.

Слетте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ профессоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы Т.Я.Сәтбай "Өлкетану - Отандық тарихтыӊ құрамдас бөлігі", Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ғылыми қызметкері Еркебұлан Алдабергенұлы Елеуов "Сыр өӊіріндегі кесенелер мен мұнаралы ескерткіштер", "Археология, этнография ғылыми-зерттеу" орталығыныӊ жетекшісі, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты И.Тәжекеев "Ортағасырлық Сортөбе (Ордазы) қалашығындағы археологиялық зерттеулер", Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ бөлім меӊгерушісі Еӊлік Ибілқасымқызы Баймырзаева "Өз жеріӊді танып біл" жаӊа бастамасын жүзеге асырудағы музейлердіӊ рөлі", Қорқыт Ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарыныӊ кандидаты Ғабит Инешұлы Тұяқбаев "Сыр өӊірі тарихы көркем шығармаларда" тақырыбында баяндама оқыды.

Слет жұмысына облыстағы, қаладағы, аудандағы білім мекемелерініӊ тарих пәнініӊ мұғалімдері мен жоғары және орта оқу орындарыныӊ оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны