26.09.2018, 16:08 4783

Қызылордада Тасбөгет кентініӊ 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті

"Сырдыӊ әрі, жырдыӊ нәрі - Тасбөгет" атты Қазақстан эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен гала концерт өткізілді

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 23 жұлдызында Қызылорда іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде тарихи сәт тойланды.

Қазақстан Республикасыныӊ Жоғарғы кеӊесі Президиумы 1948 жылы арнайы қарар қабылдап, бөгет (плотина) салынып жатқан "Қызылордаплотинастрой" қыстағынан қала типтес жұмысшы поселкесін салуды, оны Қызылорда қалалық кеӊесініӊ бағынысына беріп, поселкені "Тасбөгет" деп атауды ұсынған болатын.

Сырдария өзенінен салынған су тоспасы басты себеп болған, ұлы дариядан нәр алған, жарты ғасырдан астам тарихы бар Тасбөгет кентіне биыл 70 жыл! Шара басында КСРО мәдени ағарту ісініӊ үздігі, ҚР мәдениет қайраткері Т. Бекарыстановтыӊ сөзіне жазылған, Қазақстан Республикасыныӊ, оныӊ ішіне Сыр өӊіріне еӊбегі сіӊген компазитор Қазақстан Республикасы "мәдениет саласыныӊ үздігі", Сыр Елініӊ талантты композиторы Сәбит Ұлықпанныӊ әні "Тасбөгет -киелі мекен" атты жаӊа әні орындалды.

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығы мен Тасбөгет кентініӊ 70 жылдығы мерейтойлық мерекелерініӊ құрметіне орай азаматтарды марапаттау және "Тасбөгет кентіне 70 жыл" мерекелік медалі табысталды. Мерекелік кешке Қазақстан эстрадасыныӊ жарық жұлдыздары "Азия" тобы, Ернар Айдар, Жанболат пен Жазира, Мұхтар Ханзада және Қызылорда қаласыныӊ танымал әншілері өнер көрсетті. Шара соӊы мерекелік отшашуға ұласты.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаныӊ мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деӊгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмніӊ еӊ жақсы үлгісі орта мектепте туған жердіӊ тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атауыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны