15.12.2008, 16:09 1582

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында ипотекалық үй пайдалануға берілді

Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында ипотекалық үй пайдалануға берілді

Қызылорда. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған ипотекалық үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов жаңа ипотекалық үйдің пәтерлерінің кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті.

Өз сөзінде әкім бұл "Сырдария" ықшам ауданында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған екінші 60 пәтерлі үй екенін атап өтті. Мұнда 1200 оқушыға есептелген ірі мектеп салынған. Оның жанында 320 орынға есептелген балабақша салынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны