30.05.2017, 18:40 3976

Қызылордада тыл ардагерлеріне 800 мыӊ теӊгеден астам негізсіз алынған салық кері қайтарылып берілді

Қызылордада салық органдары 207 тыл ардагерінен жарты миллион теӊгедей қаржыны негізсіз алған. Сондай-ақ 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат та жер, мүлік, көлік салығын артығымен төлеп келген.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада салық органдары 207 тыл ардагерінен жарты миллион теӊгедей қаржыны негізсіз алған.

Сондай-ақ 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат та жер, мүлік, көлік салығын артығымен төлеп келген. Олқылықтыӊ басты себебі - салық төлеушілердіӊ өз құқықтарын білмеуі. Сондықтан прокуратура өкілдері облыс орталығындағы "Қазпоштаныӊ" 180 бөлімшесіне жеӊілдіктер туралы ақпарат іліп шықты. Зейнетақысынан жырып артық төлем жасаған жанныӊ бірі - Василий Мищенко. 88 жастағы қарт майдангер соғыс жылдарында шаруашылық көліктерін жүргізген. Тыл ардагері шығын орнын толтырып, заӊныӊ үстемдік құрғанына қуанады.

- Мен ұдайы жер салығын төлеп тұрамын. Артық ақша беріп жүргенімді тіпті сезбеппін. Қадағалаушы органныӊ біз сияқты қарт-мүгедектердіӊ мүддесін қорғағаны үшін қуаныштымын. Заӊмен бекітілген жеӊілдіктер бар екенін енді біліп жатырмын,- дейді ардагер.

Қала прокуроры М.Досмағамбетовтіӊ айтуынша прокуратураныӊ ықпал ету шарасыныӊ нәтижесінде 800 мыӊ теӊгеден астам алынған салық кері қайтарылып беріліп, олардыӊ құқықтары қорғалыпты.

- Жұмысшылардыӊ да конституциялық құқықтарыныӊ сақталуы прокуратура назарында. Өткен жылдыӊ өзінде 4 мыӊ жұмысшыныӊ 730 млн теӊге жалақысы өндіріліп берілсе, ағымдағы жылы 700-ден аса жұмысшыныӊ 110 млн теӊге жалақысы өндіріліп беріліп, құқықтары қорғалды, - дейді қала прокуроры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны