03.12.2012, 10:51 6511

Қызылордада Тұңғыш Президент күніне орай дәрігерлер партия қатарына қабылданды

Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күніне орай санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама орталығында дәрігерлердің "Нұр Отан" ХДП-ның құрамына қабылдану салтанаты өтті

Қызылорда. 3-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күніне орай санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама орталығында дәрігерлердің "Нұр Отан" ХДП-ның құрамына қабылдау салтанаты өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күніне орай санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама орталығында дәрігерлердің "Нұр Отан" ХДП-ның құрамына қабылдану салтанаты өтті. Сараптама орталығының бұдан бұрын 23 дәрігері партия қатарына қабылданып, жұмыс жасап жатқан. Тағы 52 дәрігер партия қатарына кіретіндіктерін айтып, өтініш білдірген. Қызылорда қалалық "Нұр Отан" ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев келіп, ақ халаттыларға партияның куәлігін табыстады. Партия атынан, мүшелікте болып, қызу жұмыс жасаған екі дәрігерге Құрмет грамотасы берілді. Облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық сараптама орталығының директоры Нұрлан Нұрмағанбетов Тұңғыш Президент күніне орай өз қызметшілерін Алғыс хатпен марапаттады.

"Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты Елбасының еліне жасаған еңбегін айтпасақта белгілі. Мемлекетіміздің 20 жылда жеткен жетістіктері мен асқан асулары , еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы Тұңғыш Президентіміздің есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі күні дәрігерлерімізге көп көңіл бөліп, керек жарағын түгендеп берген Елбасы жас маман, абзал жандарымыздан үлкен үміт күтеді. Осындай азаматтардың "Нұр Отан" ХДП-ның қатарына қабылданамыз деп тілек білдіруінің өзі Ұлт көшбасшысының сенімін ақтап келуде деген сөз" - деді Мақсұт Баекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны