03.03.2017, 21:56 7942

Қызылордада Үкіметтік емес ұйымдар жұмысы сараланды

Брифингте басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлар жетекшілері атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді.

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" аясындағы шараларға сәйкес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар қарым-қатынасына елеулі өзгеріс енгізілді. Үкіметтік емес ұйымдар бастаған әлеуметтік жобаларды қаржылай қолдаудыӊ жаӊа формасы қалыптасты.

Бүгін "Сыр медиа" ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте аймақтағы ҮЕҰ жұмысы сараланып, олардыӊ алға қойған мақсат-міндеттері жайлы айтылды. "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ директоры Жандос Түсмағамбетов, "Руханиятты жаӊғырту" қоры төрағасыныӊ орынбасары Гүлмира Ишірбекова, "Мәртебелі Қазақстан" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Қайрат Байқадамов және "Медиа пресс" ҚҚ төрағасыныӊ орынбасары Ақерке Болатқызы қатысқан брифингте жаӊа мәртебеге ие болған ҮЕҰ қызметі жайлы кеӊінен әӊгіме болды.

- "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры 2007 жылдан бастап жастар саясаты, жас дарындарды қолдау, 29 жасқа дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыру, аула клубтарыныӊ жұмысын ұйымдастыру бағыттарында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған қор өзініӊ белсенді ұйым екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, қор жанынан құрылған "Қамқор" кризистік орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен, түрлі жат ағымдар арбауына түскен жандарға қолдау танытуда, - деді Жандос Түсмағанбетов.

Брифингте басқа да қоғамдық ұйымдар мен қорлар жетекшілері атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. "Руханиятты жаӊғырту" қоғамдық қоры басшысыныӊ орынбасары Гүлмира Ишірбекова қордыӊ жастарды патриотизмге баулитын ұйым екендігін айтты. Олар бұл бағытта ел тарихын, көрнекті қайраткерлер мен ұлт батырларыныӊ өмірін негізге алады. Сонымен қатар қор Мемлекет басшысыныӊ Қазақстанды өркендеген елдер қатарына қосу жөніндегі бастамасына да қолдау көрсетіп келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны