05.05.2017, 17:57 8421

Қызылордада "Үздік мейірбике -2017" байқауы өтті

Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасыныӊ ұйымдастыруымен 12 мамыр -Халықаралық мейірбикелер күніне орай, "Үздік мейірбике -2017" байқауы өтті. Бұл туралы басқарманыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасыныӊ ұйымдастыруымен 12 мамыр -Халықаралық мейірбикелер күніне орай, "Үздік мейірбике -2017" байқауы өтті. Бұл туралы басқарманыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіби конкурста 10 жылдан кем емес еӊбек өтілі бар, бірінші және жоғары біліктілік санаты бар мейірбикелер екі кезеӊдік байқау бойынша сынға түсті. Бірінші кезеӊде барлық мейірбике қатысып, үздік 8 мейірбике ІІ кезеӊге өтті.

Екінші кезеӊ бойынша, қатысушылар өздерін таныстыра отырып, ситуациялық есептер мен практикалық дағдылар бойынша кәсібилігін көрсетті.

Байқау қортындысы бойынша І орын облыстық медицина орталығыныӊ кардиореабилитация бөлімініӊ мейірбикесі Жанар Байуловаға бұйырды. ІІ орынды қалалық №6 емханасыныӊ күндізгі стационар мейірбикесі Замира Иукенова жеӊіп алды. ІІІ орынды облыстық онкология орталығыныӊ мейірбикесі Маржан Ишімова, теміржол ауруханасыныӊ әйелдер бөлімініӊ мейірбикесі Дана Бисембаева өзара бөлісті.

Жүлдегерлерге "Денсаулық" шипажайына тегін және жеӊілдетілген жолдамалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны