24.05.2017, 15:36 3934

Қызылордада "Заӊсыз келуші-2017" профилактикалық шарасыныӊ 1 күнінде көші-қон заӊнамасын бұзған 450 шетелдік анықталды

Ағымдағы жылдыӊ 22-24 мамыр аралығында Қызылорда облысы аумағында "Заӊсыз келуші-2017" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 22-24 мамыр аралығында Қызылорда облысы аумағында "Заӊсыз келуші-2017" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шараға ОІІД-ніӊ 470 қызметкері жұмылдырылды. Олардан 45 мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердіӊ көші-қон заӊнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердіӊ уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде көші-қон заӊнамаларын бұзған ҚР ИҚБтК-ніӊ 517- бабымен (Шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ҚР халықтыӊ көші-қон саласындағы заӊнамасын бұзуы) 450 шетелдік анықталды.

Сонымен бірге ҚР ИҚБтК-ніӊ 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заӊды тұлғалардыӊ ҚР-ныӊ халықтыӊ көші-қон саласындағы заӊнамасын бұзуы) 32 ҚР азаматтары және ИҚБтК-ніӊ 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еӊбекші көшіп-келушілерді ҚР заӊнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ҚР еӊбек қызметін заӊсыз жүзеге асыруы) бойынша 17 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

ҚР ИҚБтК-ніӊ 449-бабыныӊ 3-бөлігі (Қоғамдық орында тиісу) бойынша 9 шетел азаматына шара көрілді. 204 шетелдіктіӊ ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды.

Өзбекстан Республикасыныӊ 14 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстіӊ 393-бабы (ҚР-ныӊ аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Өзбекстан Республикасыныӊ 46 азаматы әкімшілік кодекске сәйкес және 4 азамат Азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ныӊ қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны