20.05.2015, 13:53 3881

Қызылордада "Заӊсыз келуші - 2015" жедел профилактикалық шарасыныӊ 1 күнінде 279 заӊ бұзушылық дерегі анықталды

Ағымдағы жылдыӊ мамыр айыныӊ 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында "Заӊсыз келуші-2015" жедел профилактикалық іс-шарасыныӊ бірінші кезеӊі өткізілуде. Аталған іс-шараныӊ мақсаты - ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердіӊ аумағында үшінші елдер азаматтарыныӊ заӊсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады

Қызылорда. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ мамыр айыныӊ 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында "Заӊсыз келуші-2015" жедел профилактикалық іс-шарасыныӊ бірінші кезеӊі өткізілуде. Аталған іс-шараныӊ мақсаты - ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердіӊ аумағында үшінші елдер азаматтарыныӊ заӊсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-ніӊ күші мен құралдары жұмылдырылып, іс-шараныӊ 1 күнінде 279 заӊ бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 274 азаматқа, оныӊ ішінде ҚР ИҚБтК-ніӊ 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін - 4, ҚР ИҚБтК-ніӊ 517-бабы 1,3-бөлігі бойынша шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ҚР заӊнамасында көрсетілген мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегені үшін немесе көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 3 тәулік ішінде республика аумағынан кетпегені үшін - 38, ҚР ИҚБтК-ніӊ 517-бабы 2-бөлігі бойынша азаматтардыӊ ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегені не тіркеуде көрсетілген мекенжайда тұрмағаны үшін - 110 азаматқа, ҚР ИҚБтК-ніӊ 517-бабы 5-бөлігі бойынша шетел азаматтарыныӊ қызметі визада немесе көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмағаны немесе тиісті рұқсат алмай еӊбек қызметін жүзеге асырғаны үшін - 119 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді. Көші-қон заӊнамасын бұзғаны үшін 20 Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары жауапкершілікке тартылып, тұрғылықты мекенжайы және құжаты жоқ 8 шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына жатқызылды. Сот шешімімен 6 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылып, 71 шетелдіктіӊ елде уақытша болуыныӊ мерзімі қысқартылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 393-бабы бойынша шетелдіктіӊ немесе азаматтығы жоқ адамныӊ ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін 3 қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны