27.04.2007, 10:47 3451

Қызылордада жаппай улану салдарынан ауруханаға жатқызылған балалардың саны 182 жетті

АСТАНА. 27 - сәуір. Қызылордада жаппай улану салдарынан ауруханаға жатқызылған балалардың саны 182 жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 26-сәуірдің 21 сағатындағы жағдаймен Қызылорданың медициналық мекемелеріне 3 жастан 14 жас аралығында 182 бала жатқызылған, олардың 4-і жансақтау бөлімшесінде жатыр. Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 140 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 27 адам "Денсаулық" ЖШС ауруханасында, 15 бала облыстық туберкулезге қарсы шипажайда емделуде. "Олардың ахуалдары қанағаттанарлық",- деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.

Індетке қарсы арнайы комиссияның қорытындысы бойынша балалардың жаппай улануы "Ақнұр" ЖШС дайындаған сүт өнімдерін ішкеннен кейін болған. Тәрбиеленушілер уланған балалар мекемесіне медициналық пост қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түнде Қызылорданың ауруханаларына мектеп-интернаттар мен емдеу орындарынан астан уланған 168 бала жеткізілген. балалардың жаппай улану дерегіне қатысты Қызылорда облысының прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны