03.10.2017, 16:57 4607

Қызылордада жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшу көзделуде

Осы мақсатта 210 пән мұғалімдері арнайы тіл меӊгеру курстарынан өтіп, әрбір сыныптағы оқу пәндерініӊ ағылшынша терминологиясын игеруге қажетті оқу құралдарын даярлау қолға алынды.

Қызылорда. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшуді көздейтін оқу бағдарламасы қолға алынды.

"100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезеӊ-кезеӊмен көшуді көздейтін бағдарламаны қолға алдық. Облыс бойынша жоғары сыныптарда математика, физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде игеруді барлық мектептерде бірдей енгізілмейді. Бұл жүйеге арнайы іріктеуден өткен мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназиялары кіретін болады, - деді облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Бақытжан Сайлыбаев.

Өӊірде 2015-2016 оқу жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен "Білім-инновация" лицейлерініӊ тәжірибесінде білім беретін 46 инновациялық мектеп-лицейлер мен мектеп-гимназиялар қалыптастырылды. 2016-2017 оқу жылында аталған мектептердегі 320 лицей сыныптарындағы 7358 оқушыға ағылшын тілі пәні аптасына 5 сағат көлемінде оқытылып келген. Жаӊа оқу жылында олар ағылшын тілінде пәндердіӊ терминологиясын игеруге көшіп, келесі оқу жылынан бастап, 10-11 сыныптарда оқу пәнініӊ мазмұнын ағылшын тілін пайдаланып отырып, игеретін болады.

- Осы мақсатта 210 пән мұғалімдері арнайы тіл меӊгеру курстарынан өтіп, әрбір сыныптағы оқу пәндерініӊ ағылшынша терминологиясын игеруге қажетті оқу құралдарын даярлау қолға алынды. Оқу жоспары бойынша лицей, гимназия сыныптарында аптасына 4 сағат көлемінде жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндерді тереӊдетіп оқыту және ғылым негіздері бойынша 1500 сағат көлемінде ғалымдардыӊ дәрістерін тыӊдау жүзеге асырылды, - деп атап өтті білім басқармасыныӊ басшысы Б. Сайлыбаев.

Облыстық білім бөлімініӊ басшысы бұл бағыттарда қордаланған мәселелердіӊ да бар екендігін айтты. Мәселен, ағылшын тілін меӊгеруде колледждер мен университеттерде кәсіби педагогикалық білімді 2 тілде қатар меӊгерген білікті мамандарды даярлау мәселесі бүгінгі күні өзекті.

"Аталған мәселені шешу үшін 2015 жылдан бастап республикалық әдістемелік орталық болып табылатын М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде "Білім-инновация" халықаралық қорыныӊ қолдауымен ағылшын тілін меӊгерген негізгі мектептіӊ математика, физика, информатика пәндерініӊ мұғалімдерін даярлау қолға алынды. Қажетті оқу-әдістемелік құралдары мен 2 тілді меӊгерген мамандармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні колледждіӊ 3 курсында 225 студент осы бағдарлама бойынша білім алуда. 2018-2019 оқу жылы "Ағылшын тілін меӊгерген пән мұғалімі" біліктілігін алған алғашқы 75 маман инновациялық мектептерде жұмыс жасайтын болады", - деп атап өтті Сайлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны