09.08.2017, 19:26 4364

Қызылордада жас құтқарушылардыӊ республикалық жиын-семинары өтуде

2017 жылдын 8 тамызында Қызылорда қаласында VII жасөспірімдер арасындағы өрттен құтқару спорты бойынша жазғы республикалық чемпионаты шеӊберінде жас құтқарушылар жиын-семинары басталды.

Қызылорда. 9 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылдын 8 тамызында Қызылорда қаласында VII жасөспірімдер арасындағы өрттен құтқару спорты бойынша жазғы республикалық чемпионаты шеӊберінде жас құтқарушылар жиын-семинары басталды.

Жас құтқарушылар алдында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығыныӊ орынбасары полковник С.Ш. Молдақараев қатысушыларға сәттілік тілеп, өздерініӊ алдына қойған мақсаттарына жету үшін табандылық керек екенін айтты, көптеген балаларға өрт сөндіру-құтқару спорты жәй ғана әуесқойлық емес, алдағы уақытта өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын таӊдаған түлектерге өз арман-қиялын іс жүзіне асыруға лайықты шақ деді.

Жиын-семинардыӊ бірінші кезеӊі су айдындарындағы құтқару жұмыстары деп аталды. Жиын-семинар барысында суға кету қаупіндегі адамды құтқару түрлері, алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибелік дағдылары сарапқа салынды.

Жарыстыӊ еӊ қызықты сәті жауынгерлік қанат жаю болды. Оқушылар магистральдық желіні сала, жеӊдерді біріктіре және өрт ошағына оқпан бере отырып, толықтай өздерін өрт сөндірушілер ретінде сезінді. Жанкүйерлер қолдауы мен жарыс рухы балаларды жауынгерлік жылдамдыққа ғана емес, сондай-ақ ептілікке де үйретті.

Жарыстыӊ бірінші күнніӊ нәтижелері келесідей:

- жағажай жарысы бойынша еӊ жақсы нәтиже Ақтөбе командасында, екінші Павлодар облысы және үшінші Қызылорда облысында;

- жауынгерлік дайындығы бойынша еӊ жақсы нәтиже Қызылорда облысы, екінші Павлодар облысы және үшінші Ақтөбе облысы.

Жарыстыӊ нәтижесі барлық сатылардан өткеннен кейін жарияланатын болады. Жарыстыӊ барлық түрлері белсенді түрде өтті. Жас құтқарушылардыӊ әр командасы бүгінгі барлық кезеӊдерін өз деӊгейінде орындады,- депхабарлайды Қызылорда облысыныӊ ТЖД.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны