29.10.2018, 19:22 4363

Қызылордада жас өлкетанушылардыӊ ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдастырылды

Аталған шараға қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебініӊ оқушылары, №3,101,42 мектеп-лицейініӊ оқушылары және №4,132 орта мектеп оқушылары қатысып, Сыр өлкесініӊ тарихына қатысты ғылыми баяндамалар оқыды

Қызылорда. 29 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ тарихи-өлкетану музейініӊ конференция залында "Тарихи сыры көп - Сыр өӊірі" атты жас өлкетанушылардыӊ ғылыми-танымдық конференциясы ұйымдастырылды.

Аталған шараға қаладағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебініӊ оқушылары, №3,101,42 мектеп-лицейініӊ оқушылары және №4,132 орта мектеп оқушылары қатысып, Сыр өлкесініӊ тарихына қатысты ғылыми баяндамалар оқыды.

Шара соӊында баяндамашыларға облыстық тарихи-өлкетану музейі атынан сертификат табысталды.

"Туған жерге туыӊды тік" - деген дана халқымыз. Бұл - әрбір адамныӊ кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзініӊ тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне тереӊ бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында "Туған жер" бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтыӊ бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыӊды тереӊнен білуден басталады. Еліміздіӊ әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры - тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтыӊ білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны