26.09.2018, 19:20 4919

Қызылордада жасалған "Қазақтыӊ 100 әні" жобасы "Almaty - Youth Space" фестивалінде "Music is Our Heritage" аталымы бойынша үздік деп танылды

Алматы қаласында өткен шарада Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ "Қазақтыӊ 100 әні" жобасы "Музыка - біздіӊ мұрамыз" ("Music is Our Heritage") номинациясында үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы - ЮНЕСКО ұйымдастырған "Almaty - Youth Space" жастар фестивалінде "Музыка бейбітшілік пен даму үшін" шығармашылық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды.

Алматы қаласында өткен шарада Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ "Қазақтыӊ 100 әні" жобасы "Музыка - біздіӊ мұрамыз" ("Music is Our Heritage") номинациясында үздік деп танылып, бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Жоба туралы айтатын болсақ, бүгінгі таӊда Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ оқушылары қазақ күйлері мен ұлттық әндерімен сусындап, тәрбиеленуде. Ир апта сайын дүйсенбілік сап түзеу жиынында "Шаӊырақ қауымдастығы" қазақ әндерін орындап, еліміздіӊ мәдени мұрасыныӊ сақталуына ықпал етуде.

"Мектебіміз "Қазақтыӊ 100 әні" жобасын жүзеге асыруға бағытталған арнайы жұмыс жоспарын әзірледі. Жоспар аясында қазақ әндерініӊ арнайы тізімі жасақталды. Сол тізім бойынша "Шаӊырақ" қауымдастығы жыл көлемінде орындауға ұсынылған әндер тізімінен үш әннен орындайды, яғни, бірінші әнді аптаныӊ әрбір дүйсенбі күні өтілетін таӊғы жиында орындаса, екінші ән мерекелік іс-шаралар барысында шырқалады. Ал үшінші әнді оқу жылыныӊ соӊында "Қазақтыӊ 100 әні" жобасыныӊ қорытынды гала концертінде орындайтын болады", - дейді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорыныӊ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жүсіпбек.

Айта кетейік, "Қазақтыӊ 100 ән" жобасыныӊ әндер тізіміне "Туған өлке", "Қазақ осы", "Көзініӊ мөлдірін-ай", "Сәлем саған туған ел", "Жерім меніӊ" секілді соӊғы бірнеше онжылдықтағы қазақтыӊ ән мұрасын насихаттайтын әндер енген. Ирбір композицияныӊ сипатамасы тындаушылардыӊ бойында ұлттық салт-дәстүрге құрмет, отансүйгіштік, достық, бірлік, адалдық, ізеттілік құндылықтарын тәрбиелеп қазақ халқыныӊ болмысын, батырлық өресін дәріптейді.

"Ин орындау барысында оқушылар әнніӊ шығу тарихын зерттейді, театрландырылған көрініс арқылы көпшілік бойына рухани сезім ұялатады. ЮНЕСКО байқауына қатысып, біз өзгелерге тәжірибе бөлісе отырып, музыканыӊ қоғамдағы тұрақты және бейбіт түрде дамуына қосатын үлесі туралы жеткізе білдік", - деді ән-әуез пәнініӊ мұғалімі Жарасбек Өтебаев.

"Қазақтыӊ 100 әні" жобасы жыл соӊына дейін жалғасады. Алдағы жылы сәуір айында "Шаӊырақ" қауымдастықтары арасында "Қазағымды тербеткен 100 ән" байқауын ұйымдастыру жоспарлануда. Жеӊімпаздар номинация бойынша анықталады.

Сөз соӊында "Қазақтыӊ 100 әні" жобасыныӊ жетекшісі Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ педагог-ұйымдастырушысы, әрі кураторы Ийгерім Маханова екенін айта кетейік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны