02.08.2011, 14:15 3212

Қызылордада жасөспірімдер екі баланы оттан аман алып қалды

"Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін үш жасөспірім өрт шыққан пәтерден екі сәби қызды құтқарып қалды", - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Сәметова.

Қызылорда. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордада жасөспірімдер 3 және 4 жастағы екі баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін үш жасөспірім өрт шыққан пәтерден екі сәби қызды құтқарып қалды", - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Сәметова.

"Мерей ықшамауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі бірінші қабаттағы пәтерде өрт шығып, түтінге оранған", - деді ол. Сол уақытта пәтерде үш және төрт жастағы Анюта мен Нина Қыпшақбаевалар болған. Оларды ата-аналары қараусыз қалдырған.

17 жастағы Айбек Қамаладдин, 11 жасар Лиана Саидова мен 12 жасар Ардақ Ислам қорқып-үріккен қыздардың құтқарушыларына айналған. Айбек №1 кәсіби-техникалық лицейде оқыса, қалған екеуі №9 мектепте тәлім алады.

"Олар терезені сындырып, пәтердің ішіне еніп, көк түтін арасынан кішкентай қыздарды тауып алып, өртенген үйден алып шыққан", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

"Департамент басшылығы жас батырларды марапаттауға ұсыну жөнінде төтенше жағдайлар министрі В. Божконың атына хат жолдады", - деп сөзін түйіндеді А. Сәметова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны