20.11.2017, 18:19 4054

Қызылордада жастар форумы өтті

18-19 қараша күні Қызылордада "QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАӉҒЫРУ" атты ХІІI жастар форумы өтті.

Қызылорда. 20 қараша. Kazakhstan Today - 18-19 қараша күні Қызылордада "QYZYLORDA: БІЛІМ. БОЛАШАҚ. ЖАӉҒЫРУ" атты ХІІI жастар форумы өтті. Форумда жастар көшбасшылары және еліміздіӊ өзге өӊірлерініӊ белсенділері қатысты.

Форумныӊ пленарлық отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарды қолдауға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

"Өӊірде мемлекеттік жастар саясатын дамытуға бағытталған "Жол картасы" мен кешенді жоспарлар қабылданып, 60-тан астам әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Қызылорда облысы - республика бойынша жастар саясатына қаржы бөлуден бірінші орында.

"Үстіміздегі жылы облыстағы 6000 мектеп түлегініӊ 97% жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Біз үшін 97% - бұл білім саласыныӊ жетістігі, балаларымыздыӊ жарқын болашағы ғана емес, олардыӊ маргинал жастар қатарын толықтырмайтынына, өмірде өз орнын табатынына деген сенімділік", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста саясаткер Айдос Сарым, Халықаралық ақпараттық технология университетініӊ проректоры Раис Өскенбаева және "Инновациялық технология Паркі" автономды-кластер қорыныӊ басқарушы директоры Илжан Бірәлиев қатысып, өз пікірлерін айтты.

Форум аясында "ХХІ жаӊа шақыртулары" және "Қоғамдық ой-сананы жаӊғырту" секция отырыстарына спикер ретінде облыстағы жаӊа технология және әлеуметтік саланыӊ сарапшылары қатысты. Сондай-ақ, Форум делегаттары аймақтыӊ Жастар ресурстық орталығын көріп, жұмысымен танысты.

Атап өту керек, облыстық Жастар ресурстық орталығы жобалық басқару жүйесімен жұмыс істейді. Жыл басынан бері мемлекеттік шығынсыз 12 бағыт бойынша жобалар жүзеге асуда.

Жастар орталығыныӊ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, онда коворкинг-орталық, психолог кабинеті, түрлі спорт секциялары ашылған. Сонымен қатар, орталықта ағылшын тілі, компьютер және құқықтық сауаттылық, бейнетаспагер курстары бар. Бүгінде 300-ден астам жас қосымша даярлық курсын бітірді.

Келер жылы Сырдарияныӊ сол жағалауынан "Жастарға қызмет көрсету орталығы" пайдалануға беріледі.

Форум аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстанныӊ 7 өӊірінен келген командалардыӊ қатысуымен облыс әкімініӊ Кубогына арналған республикалық "Жайдарман" ойыны өтті. Қызылорда ойыншылары алғашқы үштікке енді ("Қызылорда" командасы, 3 орын), Ақтөбе ("Фемида", 2 орын) және Батыс Қазақстан ("Грант", Орал қ., 1 орын).

Айта кету керек, 2013 жылы облыста дарынды жастар мен тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларыныӊ балаларына аймақ басшысыныӊ арнайы білім гранттары беріліп келеді. Бүгінде оны 694 түлек иеленді. Сонымен қатар, "Серпін" бағдарламасы бойынша 4 мыӊ қызылордалық жас білім алуда.

Ерекше атап өтетіндігі, облыстыӊ 452 мектеп түлегі Ресей Үкіметініӊ жетекші техникалық оқу орындарыныӊ гранттарына қол жеткізді. Келер жылы 76 жас оқуын бітіреді. Олардыӊ жұмысқа орналастыру бойынша мәселе туындамайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны