05.05.2017, 18:00 8851

Қызылордада жастарға арналған бірнеше орталық өз жұмысын бастады

Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігініӊ ұйымдастыруымен "Бабас" бизнес орталығында "Go working" орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігініӊ ұйымдастыруымен "Бабас" бизнес орталығында "Go working" орталығыныӊ ашылу салтанаты өтті.

Орталықтыӊ басты қызметі жұмыссыз, дивиантты мінез құлықты, жалдамалы жұмыспен қамтылған жастарға тегін құқықтық кеӊес беру. Сонымен қатар орталықтан арнайы білікті сала мамандарыныӊ қатысуымен оқыту курстарын ашу жоспарланып отыр.

Шара барысында "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" ҚБ төрағасы С.Ибіл орталық жұмысыныӊ мақсаттары мен міндеттерін таныстырды.

Оған арнайы қатысқан Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ басшысы Е.Меӊлібаев сөз алып, ашылған орталықтыӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны