04.07.2017, 13:26 4165

Қызылордада жастарға арналған бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі өткізілді

Жәрмеӊкеніӊ түпкі мақсаты жұмыссыз жастар санын азайту және мамандардыӊ қызмет сапасын арттыру. Аталмыш шараныӊ маӊыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта ай сайын көшпелі түрде бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі өткізілетін болады.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қызылорда облысыныӊ "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және Қызылорда облысыныӊ "Жастар одақтары" қоғамдық бірлестігініӊ ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимараты ауласында бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі өткізілді.

Жәрмеӊкеге 20-ға тарта мекеменіӊ өкілі мен жүздеген жұмыс іздеуші азамат қатысты. Қызылорда облысыныӊ "Жастар одақтары" қоғамдық бірлестігі тарапынан "Жасыл ел" еӊбек жасағына 16-29 жас аралығындағы жастар тартылды.

Сонымен қатар, Go working бағдарламасы аясында 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға (студенттер қамтылмайды) ағылшын тілі, компьютерлік бағдарлама, құқықтық сауаттылық, дәнекерлеу, бухгалтерлік бойынша тегін оқу курстары өтетінін жарнамалады.

Жәрмеӊкеніӊ түпкі мақсаты жұмыссыз жастар санын азайту және мамандардыӊ қызмет сапасын арттыру. Аталмыш шараныӊ маӊыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта ай сайын көшпелі түрде бос жұмыс орындарыныӊ жәрмеӊкесі өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны