15.05.2017, 13:52 4197

Қызылордада ЖЭО мұржасы құлап, 2 адам қайтыс болды

"Алдын ала мәлімет бойынша, 14 мамыр күні сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол "Алтын ЛТД" ЖШС-ныӊ екі жұмысшысыныӊ үстіне құлап кетті.

Қызылорда. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында жылу электр орталығыныӊ мұржасы құлап, екі жұмысшыныӊ зардап шеккені хабарланып отыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 14 мамыр күні сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол "Алтын ЛТД" ЖШС-ныӊ екі жұмысшысыныӊ үстіне құлап кетті. Олардыӊ бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі үйінді астында қалып отыр. Құтқару жұмыстары жүргізілді", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оныӊ айтуынша, жұмыстарға Қызылорда облыстық ТЖД-ныӊ, Оӊтүстік өӊірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағыныӊ, Қызылорда облыстық ТЖД-ныӊ өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерініӊ мамандары мен техникалары жұмылдырылды.

Алпыс адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп айналысқан жұмыстар нәтижесінде 15 мамыр сағат 3:45-те үйінді астынан екінші жұмысшыныӊ денесі табылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны