06.03.2017, 15:57 4194

Қызылордада жер қойнауын өз бетінше пайдаланудыӊ 800-ден аса дерегі анықталған

Өӊірлік коммуникациялар қызметінде жер қойнауын заӊсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімініӊ тапсырмасыныӊ орындалуы аясында баспасөз мәслихаты өтті

Қызылорда. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Өӊірлік коммуникациялар қызметінде жер қойнауын заӊсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімініӊ тапсырмасыныӊ орындалуы аясында баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында облыстық жердіӊ пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Қанатбек Серікбаев, Қызылорда қаласы әкімініӊ орынбасары Асылбек Шәменов баяндама жасады.

Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін Қызылордада жер қойнауын өз бетінше пайдаланудыӊ 800-ден аса дерегі анықталған.

Қызылорда облыстық жердіӊ пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысыныӊ орынбасары Қанатбек Серікбаевтыӊ айтуынша Жол картасына сәйкес Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда жұмысшы топтар құрылып, топ құрамына прокуратура және мүдделі мемлекеттік орган өкілдері енгізіліп отыр.

- Мемлекеттік жер учаскесін немесе оныӊ бір бөлігін заӊсыз иелену жеке тұлғаларға - 170175 теӊге, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 340350 теӊге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған құрылыс ҚР ЖК-ніӊ 164-1 бабына сәйкес бұзылатындығын ескертеміз, - дейді басқарма басшысыныӊ орынбасары.

Сонымен қатар брифингте жерді басқа мақсатқа пайдалану немесе мүлде пайдаланбауға қатысты қолданылатын шаралар жайлы да айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны