13.05.2017, 18:00 4185

Қызылордада Жергілікті полиция қызметкерлері "Ийелдерді мейірімге бөлейік!" деген ұранмен қарт аналарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді

Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдық мерейтойына орайластырылған акция 2017 жылдыӊ 12 мамырында Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан қарттар мен мүгедектерге арналған "Мейірімділік үйінде" өтті.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақ халқында "Қайырымдылық жасасаӊ, қайырымын өзіӊ көресіӊ" деген жақсы сөз бар. Жанашырлыққа мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсыну, аялы алақанын тосып, қамқоршысы болу - сауапты істердіӊ бірі, әр адамныӊ азаматтық парызы.

Осы мақсатта Жергілікті полиция қызметініӊ Ийелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобыныӊ қызметкерлері "Ийелдерді мейрімділікке бөлейік!" деген ұранмен қарт аналарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдық мерейтойына орайластырылған акция 2017 жылдыӊ 12 мамырында Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан қарттар мен мүгедектерге арналған "Мейірімділік үйінде" өтті.

Іс-шараныӊ негізгі мақсаты - аналарымызды, апаларымызды құрметтеу, мүгедек әйелдерге заӊды, психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсету және қоғамға бейімделуіне қолдау білдіру болып табылады.

Аталған қайырымдылық акциясыныӊ өтуіне Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Облыстық прокуратура, "Қамқорлық" дағдарыс орталығыныӊ және жергілікті қоғамдық бірлестіктердіӊ мамандары атсалысып, қолдау көрсетті.

Акция барысында ұйымдастырушылар қарт аналарға сый-сияпат жасады, көӊілдерін көтеріп, мерекелік көӊіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама ұсынды.

Шара соӊында әжелерге арналып дастархан жайылды. Дастархан басында әжелер басынан өткен өмірлік оқиғаларынан сыр шертіп, жастарға ақыл-кеӊестерін айтты. Ақ баталарын беріп, кішілік, кісілік танытып, көӊілдерін бір марқайтқандары үшін алғыстарын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны