19.05.2017, 15:30 5794

Қызылордада "Жолда қабылдау" акциясы басталады

2017 жылғы 19 мамырда Қызылорда облысыныӊ Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі мен "Нұр Отан" партиясы Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырмақ.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтыӊ алдында полицияныӊ оӊ имиджін қалыптастырып, елдіӊ сенімін арттыру мақсатында құқық қорғаушылар "Нұр Отан" партиясымен бірлесе отырып 2017 жылы мамыр айында республиканыӊ барлық аумағы бойынша "Жолда қабылдау" акциясын өткізуде.

2017 жылғы 19 мамырда Қызылорда облысыныӊ Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі мен "Нұр Отан" партиясы Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырмақ.

Акция шеӊберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасыныӊ құқықтық-нормативтік актілерін кеӊінен жариялау, Жергілікті полиция қызметі, "Нұр Отан" партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардыӊ басшылығы тарапынан азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

Акция барысында бір мезгілде полиция қызметкерлерініӊ, оныӊ ішінде жол-патрульдік полицейлерініӊ қызмет атқару барысында азаматтардыӊ құқықтарыныӊ сақталуы туралы сауалнамалар жүргізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны