23.10.2018, 16:09 4226

Қызылордада "Жолда қабылдау" акциясы өткізілді

Акцияға жалпы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы тұрғындары қатысып, жиналған қауымнан 8 сұрақ келіп түсті. Қойылған сұрақтардыӊ барлығына мамандар толық жауап берді.

Қызылорда. 23 қазан. Kazakhstan Today - Жолдағы қауіпсіздік - бүгінгі күнніӊ өзекті мәселесіне айналып отыр. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығыныныӊ өсуін болдырмау мақсатында құзіретті органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Мұндай жұмыстардыӊ басты мақсаты - жол апаты келеӊсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Осы бағытта Елбасыныӊ Қазақстан халқына жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтыӊ алдында полицияныӊ имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында Шиелі ауданында "Жолда қабылдау" акциясы өткізілді. Аталған акцияға Қызылорда облысыныӊ ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметініӊ басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері қатысты.

Акция шеӊберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жолдауын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу, халыққа Қазақстан Республикасыныӊ құқықтық-нормативтік актілерді кеӊінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі, "Нұр Отан" партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардыӊ мамандары азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыӊдап, мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Акцияға жалпы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылы тұрғындары қатысып, жиналған қауымнан 8 сұрақ келіп түсті. Қойылған сұрақтардыӊ барлығына мамандар толық жауап берді.

Аталған акция басқа аудандарда да жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны