05.06.2017, 16:48 4674

Қызылордада жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Қызылорда қаласы №261 орта мектепте шартты өртті сөндіру бойынша жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы №261 орта мектепте шартты өртті сөндіру бойынша жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқу жаттығудыӊ мақсаты бойынша сағат 11:30 мектептіӊ оӊ жақ қанатында орналасқан компютер сыныбында электрсымы қысқа түйықталып, өрт туындаған. Біраз уақыт өткен соӊ үшінші қабата қарқынды түтінніӊ бөлінуі басталып, жапсарлас үй-жайларда өрт таралу қаупі туындады.Өрт шыққан уақытта мектепте сабақ жүріп жатты. Өрт дабылы іске қосылып, оқытушылар құрамы балаларды эвакуациялауды ұйымдастырып, содан кейін мектеп жанындағы футбол алаӊында барлық оқушыларға санақ жүргізілді.

Өрт орнына№2 шақыру бойынша дереу күштер мен құралдар жіберілді. Бірінші келген өрт сөндіру бөлімшесі, оқушылардыӊ болуы мүмкін сол бөлмелерінде барлау жұмыстарын жүргізді. Содан кейін өрт сөндірушілер ошағына жеӊ төсеп, өртті сөндіруге көшті. Шақыру бойынша үш өрт сөндіру автосатысы шақырылып, үшінші қабаттан баспалдақтар арқылы зардап шеккен бір адам құтқарылды. Алайда, аӊыз бойынша барлығы шығып үлгермеді. Үшінші қабаттағы сыныптан жедел бір оқушыны құтқаруға мәжбүр болды. Қысқа мерзімде шартты өрт сөндіріліп, оқушылар өз сыныптарына оралды. Ал жоспарсыз үзіліс кезінде алынған құтқару тәжірибесі жөнінде балалар үзілісте және үйлерінде тағы талқылайды.

"Мұндай оқу-жаттығулар бізде барлық мектептерде жылына екі рет өткізіледі және балалар мен ұстаздар өз іс-әрекеттерін пысықтады. Мақсатқа қол жеткізілді, тағы одан әрі жұмыс жасау қажет", -Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығыныӊ орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б. Қосмұратов атап өтті.

Оқу-жаттығу барысында адам көп шоғырланған орындарда, өрт сөндіру кезінде жедел шұғыл әрекет ету мақсатында күштері мен құралдарыныӊ дайындығы тексерілді. Өрт тактикалық жаттығуға 16 техника және 66 қызметкер, оныӊ ішінде: Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен 52 қызметкер және 11 техника, Апаттық медицина орталығы 3 қызметкер және 1 техника, жергілікті полиция 2 қызметкер 1 техника, жедел жәрдем 3 қызметкер және 1 техника, электр қызметі 3 қызметкер және 1 техника, КазТрансГазАймақ 3 қызметкер және 1 техника қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны