22.02.2010, 14:43 3322

Қызылордадағы апаттан құтқару қызметтері тәулік бойғы кезекшілікке көшті

Қызылордадағы апаттан құтқару қызметтері тәулік бойғы кезекшілікке көшті

Қызылорда. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылордадағы апаттан құтқару қызметтері тәулік бойғы кезекшілікке көшті, 16 кәсіпорын тасқынға қарсы режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сырдарияның арнасын бойлай, Қызылорда аумағы қаланың іргесіндегі ауылдық округтерді қосқанда шамамен 90 шақырымды құрайды. Су тасқыны болу қаупі бар аймақта 107 мың адам тұрады", - деді Қызылорда әкімі Мұрат Ергешбаев.

Икімнің хабарлауынша, жағалаудағы қатерлі бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізілуде, мұз бөгелу мүмкіндігі бар жерлерде мүмкіндігінше, жарылыстар жасалады. Ауылдарда құм салынған қаптар дайындалып, айрықша тасқынға қарсы режимдегі жұмыстарға тартылуы мүмкін кәсіпорындар анықталып, 112 арнаулы техника дайындалды. 10 тонна жанармай мен 10 тонна дизельдік отыннан қор жасалып, қажетті азық-түлік қоры қамдалды.

Оның айтуынша, "су тасқыны бола қалған жағдайда зардап шеккендерді қабылдайтын 23 білім беру нысаны анықталды. Көшіру жұмыстарына 40 автобус бөлінді".

"Тасқынға қарсы жұмыстарға Төтенше жағдайлар бөлімшелерінің, құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары тартылды. Жергілікті бюджеттен қосымша тағы да 2 млн теңге бөлінді", - деді М. Ергешбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны