20.08.2008, 18:11 2960

Қызылордадағы автотасымалдаушылар жолақысын көтеруді талап етуде

Қызылордадағы автотасымалдаушылар жолақысын көтеруді талап етуде

Қызылорда. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордадағы автотасымалдаушылар қоғамдық көліктердегі жолақысын көтеруді тағы да талап етуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көлік қызметі" ҚКК директоры Аббат Ибдірахмановтың айтуынша, "тасымалдаушылар жолақысын көтеру жөніндегі талаппен жаз бойы осымен екінші рет әкімшілікке жүгініп отыр ". Жүргізушілердің мамыр айындағы бір күндік рұқсатсыз ереуілінен кейін күржелі ахуалдан бағаны 5 теңгеге көтеру арқылы шыққан болатын.

Кеше қалалық әкімдікте өткен кездесуде тасымалдаушы компаниялардың өкілдері жол жүру ақысын автобустарда 40 теңге, бағытты таксилерде 50 теңге көлемінде белгілеуді талап етті. Балалардың жолақысын да автобустарда 10 теңгеге дейін, бағытты таксилерде 10-нан 20 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны