26.04.2007, 13:55 3465

Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болуы мүмкін

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Санитарлық дәрігерлердің болжамына сүйенсек, Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИАлдын ала жасалған болжам бойынша, жаппай улану 25-сәуірде түстен кейін сапасыз айран ішуден кейін болғанИ,- деді агенттік тілшісіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің облыстық департаментінің директоры Ерсұлтан Қуандықов. ИСапасыз өнімді ИАқнұрИ ЖШС дайындағаны белгілі болдыИ,- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымызда, өткен түнде Қызылорданың ауруханаларына астан уланған 168 бала жеткізілген. № 8 мектеп-интернатынан астан уланған әртүрлі жастағы 137 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына және 6 адам ИДенсаулықИ ЖШС жекеменшік ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта осы мектептің 8 оқушысы жансақтау бөлімшесінде жатыр. № 1 мектеп-интернатынан ИДенсаулықИ ЖШС жекеменшік ауруханасына 25 адам жеткізілген. Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайынан 15 баланың астан уланғандығы туралы хабар келіп түскен. Балаларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны