26.10.2017, 16:48 7181

Қызылордадағы мектепте жылыжай салынады

2017-2018 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында "Жылыжай" жобасыныӊ грантын ұтып алды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2017-2018 оқу жылында Қызылорда қаласындағы №15 мектеп-лицейі БҰҰ Даму бағдарламасы аясында "Жылыжай" жобасыныӊ грантын ұтып алды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жалпы құны: 2 млн 200 мыӊ теӊге болатын жоба оқушыларға тәжірибе жасауға, биология сабағындағы теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Мектеп-лицей ұстаздары оқушыларды еӊбекке баулуда, болашақта олардыӊ ауылшаруашылық мамандықтарын таӊдауына осы жылыжайдыӊ әсері болатынын айтып отыр.

Жобаны жүзеге асыруға мектеп ардагерлері, мұғалімдер, оқушылар мен ата - аналар жұмыла кірісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны