17.12.2017, 19:06 4392

Қызылордалық 210 отбасына жаӊа пәтер кілттері табысталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаӊында Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 2 көпқабатты үйдіӊ тұрғындары жаӊа қонысқа көшті. Жалдамалы тұрғын үйдіӊ кілттері халықтыӊ әлеуметтік жағдайы шектеулі топ өкілдері - көпбалалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.

Қызылорда. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік мерекесі қарсаӊында Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі 2 көпқабатты үйдіӊ тұрғындары жаӊа қонысқа көшті. Жалдамалы тұрғын үйдіӊ кілттері халықтыӊ әлеуметтік жағдайы шектеулі топ өкілдері - көпбалалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен және қоныстойымен құттықтады.

"Биыл біз облыс орталығыныӊ күрмеулі мәселелерініӊ бірін шештік, апатты үйлерді жойып, тұрғындарды жаӊа қонысқа көшірдік. Соӊғы 4 жылда облыс орталығында 7 мыӊнан астам тұрғыны бар 12 шағын аудан бой көтерді. Бұдан бөлек, Сырдарияныӊ сол жағалауынан жаӊа қаланыӊ құрылысы басталды", - деді облыс әкімі.

Балалар үйінде тәрбиеленген Бауыржан Ибраев баспаналы болғандардыӊ атынан облыс басшылығына алғыс айтты.

"Осындай қолдау көрсетіп отырғандарыӊыз үшін мыӊ алғыс. Біз, жастар, сенімдеріӊізді ақтап, өӊірдіӊ өркендеуі үшін аянбай еӊбек етуге әрқашан дайынбыз", - деді ол.

Сондай-ақ, жерлестеріне академик Асқар Жұмаділдаев та жылы лебізін жеткізді.

"Қазақстанныӊ Тәуелсіздігін жариялаған 360 депутатыныӊ бірі мен болатынмын. Сол уақытта Қызылордада, осы ауданда тұрдым. Илі есімде, сол кезде бұдан да суық қыс болды, су, жарық, жылу, жол жоқ. Біз де бүгінгідей елдігімізді, егемендігімізді сақтап қала аламыз ба деген уайым болғанын жасырмаймыз. Ал енді Қызылордамыз қалай көркейіп, ұандай керемет үйлер салынып жатқанын көріп, қуанып отырмыз!" - деді академик.

Естеріӊізге сала кетейік, биыл қалада 61 көпқабатты үйдіӊ құрылысы жүруде. 4 жарым жылда аймақта құрылыс көлемі 3,5 есеге өссе, облыс орталығында 8 есеге артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны