28.06.2017, 16:57 3891

Қызылордалық 800 түлек жүзден жоғары балл жинады

Қызылорда облысында өткізілген ұлттық бірыӊғай тестілеу нәтижесі бойынша 800 түлек жүзден жоғары бал жинап, облыстағы орташа көрсетшіш 82,4 балды құрады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Бахытжан Сайлыбаев хабарлады.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында өткізілген ұлттық бірыӊғай тестілеу нәтижесі бойынша 800 түлек жүзден жоғары бал жинап, облыстағы орташа көрсеткіш 82,4 балды құрады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Бахытжан Сайлыбаев хабарлады.

"Биылғы жылы жалпы орта білім беретін мектепті бітірген 6196 баланыӊ ішінде 4123 ұлттық бірыӊғай тестілеу сынағына қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша екі түлегіміз еӊ жоғарғы нәтижеге қол жеткізді. Олар облыстық "Білім инновация" лицейініӊ түлегі Ибдірәсіл Айзат пен Қармақшы ауданы №250 орта мектебініӊ түлегі Отарбай Дәурен тестілеу нәтижесінде 136 балл жинады. Аталған түлектердіӊ екеуі де "Алтын белгі" иегері болып табылады. Жалпы аймақта үш күн бойы өткізілген тестілеудіӊ қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 82,4 балды құрады. Сынақ барысында тестілеу пунктерінде оқыс оқиға мен ереже талаптарыныӊ бұзылу деректері орын алған жоқ" - деді басқарма басшысы.

Айта кетерлігі, өткен жылы қызылордалық түлектер ҰБТ қорытындысымен республикада алғашқы бестіктіӊ қатарынан көрінді. Бұл көрсеткіш оқушыларды аймақтағы жыл бойы жұмыс жасайтын тынығу лагерлерінде қосымша оқытудыӊ нәтижесі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны