13.12.2012, 18:43 3146

Қызылордалық кәсіпкерлердің 14 жобасы мақұлданды

"Кәсіпкерлер негізінен өз кәсіпорындары үшін автокөлік немесе қойма құрылысына несие алады. Яғни несиенің көпшілігі кәсіп ашуға немесе оны кеңейту мақсатында алынған. Мысалы "Кенесариева Г" ЖК балабақша сатып алу үшін 19 млн теңге несие алды. Қазіргі таңда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында Қызылорда облысында 111 жобаның пайыздық үстемақысын субсидиялауға мақұлданды. Бұл мақсатқа 13,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлінбек", деді орталық маманы.

Қызылорда. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордада "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" бағыты бойынша кәсіпкерлердің 14 жобасының пайыздық үстемақысы субсидиялауға мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Даму" Қоры аймақтық филиалы кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанты Найля Ахметханова хабарлады.

"Кәсіпкерлер негізінен өз кәсіпорындары үшін автокөлік немесе қойма құрылысына несие алады. Яғни несиенің көпшілігі кәсіп ашуға немесе оны кеңейту мақсатында алынған. Мысалы "Кенесариева Г" ЖК балабақша сатып алу үшін 19 млн теңге несие алды. Қазіргі таңда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында Қызылорда облысында 111 жобаның пайыздық үстемақысын субсидиялауға мақұлданды. Бұл мақсатқа 13,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлінбек", деді орталық маманы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны