24.01.2019, 18:21 7167

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердіӊ артық жұмыс істеу фактілері 15 есе азайған

Бүгінде аймақтағы 24 департамент пен басқармаларда жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру бағдарламалары орнатылған.

Қызылорда. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Соӊғы 3 айда Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердіӊ артық жұмыс істеу фактілері 15 есе азайған.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.

Бүгінде аймақтағы 24 департамент пен басқармаларда жұмыс аяғында компьютерлерді автоматты түрде өшіру бағдарламалары орнатылған.

"Қоғам өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік мекемелерде жұмыс уақытыныӊ сақталуына, заӊсыз артық жұмыс істеу фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізіп жатырмыз.Сондай-ақ, соӊғы 4 ай көлемінде облыстық мекемелер үйіндегі СКУД жүйесі арқылы қызметшілердіӊ жұмыстан қайту уақыттарына талдау жүргіздік. Талдаумен анықталғандай мемлекеттік мекеме қызметкерлері қыркүйек айында 791 сағат жұмыста артық кідірген болса,қазан айында 240 сағат, қараша айында 157 сағат, ал желтоқсанда 53 сағаткідірген. Яғни, профилактикалық шаралар нәтижесіндеқызылордалық қызметкерлердіӊ жұмыста қалу фактілері азайып келе жатқанын байқауға болады", - деді Департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Еӊбек тәртібін бұзуға жол берген мемлекеттік мекеме басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шешімдер қабылдау үшін облыстық еӊбек саласындағы бақылау басқармасына жинақталған материалдар жолданған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны