26.05.2017, 16:14 5363

Қызылордалық оқушылардыӊ 95 % жазғы лагерьлерде демалады

Қызылорда облысында биыл 6200 оқушы мектеп бітірді. 4194 бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысуға ниетті. Оныӊ 419-ы "Алтын белгіге" және 217-і үздік аттестатқа үміткер.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында биыл 6200 оқушы мектеп бітірді. 4194 бітіруші түлек ҰБТ-ға қатысуға ниетті. Оныӊ 419-ы "Алтын белгіге" және 217-і үздік аттестатқа үміткер.

Кезекті оқу жылы да аяқталды. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Ал, мектеп бітіруші түлектерді алда емтихандар мен ҰБТ күтіп тұр. Оқушылардыӊ жазғы демалысын ұйымдастыру мен ҰБТ сынағына біздіӊ аймақтыӊ дайындығы қандай? Осы орайда бүгін Өӊірлік коммуникациялар орталығында облыстық білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бағдат Бердәулетов БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.

Биылғы жылы мектеп бітірушілер үшін бітіру емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған жаӊа форматтағы ҰБТ сынағы бөлек өткізілетін болады. Барлық мектеп бітірушілер орта білім туралы аттестат алу үшін мектеп базасында қорытынды аттестаттаудан өтіп, жоғары оқу орындарында білім алуға ниеттілер Ұлттық бірыӊғай тестілеуге қатысатын болады.

- Облыс бойынша 29 мамыр мен 10 маусым аралығында 11 сыныптар үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау сынағы ұйымдастырылады. 12 маусымда мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру салтанаты өтеді. 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарғы оқу орындарында оқуды жоспарлаған, мемлекеттік гранттан үмітті мектеп бітіруші талапкерлер ҰБТ сынағынан өтеді. Аймақта ҰБТ кезінде 9 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Қазіргі таӊда барлық пункт қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған, - дейді облыстық білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бағдат Бердәулетов.

Сондай-ақ жиын барысында Бағдат Бердәулетов оқушылардыӊ жазғы демалысын ұйымдастырудағы дайындық жұмыстарын баян етті. Оныӊ айтуынша облыстағы барлық оқушылардыӊ 95 пайызы жазғы тынығу орындарымен қамтылады. Оларға демалыс қала сыртындағы және облыстық саябақтарда орналасқан лагерлерде, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде, тарихи орындарға, ЭКСПО халықаралық көрмесіне саяхат жасау түрінде ұйымдастырылады.

- Облыста жалпы 9 жазғы тынығу лагері бар, оныӊ 6-ы жыл бойына жұмыс жасап келеді. Жазғы маусымда аталған лагерлерде 8740 бала демалу-сауықтырумен қамтылып отыр. Оныӊ ішінде 4146 бала жалпыға міндетті оқу қоры есебінен демалмақ. Бұл мақсатта бюджетте 70 млн. теӊге бөлінген. Қалған балалар демеушілер есебінен тынығады. Сонымен қатар, облыстан тыс аймақтарда орналасқан лагерлерде мұнай компаниялары мен басқа да кәсіпорындардыӊ қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасылардан шыққан 13210 баланыӊ демалуына жағдай жасалып отыр, - дейді басқарма басшысыныӊ орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны