04.02.2016, 18:10 3278

Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аӊшыларды құрықтады

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 30-31 қаӊтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мамандарыныӊ бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заӊсыз аӊ аулағандар құрықтылды

Қызылорда. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 30-31 қаӊтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мамандарыныӊ бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заӊсыз аӊ аулағандар құрықтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, 31.01.2016 жылы сағат 16:30 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты "Бөгедек" учаскесінде "Тойота Ланд Крузер-100" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктіӊ салонынан 2 дана 12 калибрлі аӊшы мылтығы және 172 дана мылтықтыӊ патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарыныӊ арасына жасырылған аяқтары кесілген 18 дана ақбөкен аӊына ұқсас өлі жануардыӊ денесі алынды. Оқиға орнынан 20, 28 және 29 жастағы 3 азамат ұсталды.

Қазіргі таӊда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ніӊ 337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардыӊ кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты заӊсыз аӊшылық дерегі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мыӊ айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны