09.06.2015, 12:05 4229

Қызылордалық полицейлер 1 келіге жуық есірткі затын алып бара жатқан азаматты қолға түсірді

Қазіргі таӊда сезікті азаматтыӊ жеке тұлғасы анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 296-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ маусым айыныӊ басында Қызылорда ОІІД Икімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік полиция ротасыныӊ қызметкерлері полиция майоры Қалмұрат Рахматуллаев пен полиция майоры Мақсат Ақылбаев "Қызылорда-Жалағаш" тас жолыныӊ 38-шақырымында барлау жұмыстарын жүргізу барысында күдік тудыратын "Мерседес-бенц" үлгісіндегі автокөлігін тоқтатады. Жүргізушініӊ құжаттарын, көліктіӊ ішін тексеру кезінде артқы орындығыныӊ төменгі жағынан күмәнді қара түсті полиэтилен орамасын байқайды. Пакетті ашып қарағанда өзіне тән ерекше иісі бар есірткіге ұқсас жасыл түсті зат анықталып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылады. Аталған затқа сараптама тағайындалып, нәтижесінде салмағы 822 гр.-ды құрайтын "марихуана" заты екендігі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі таӊда сезікті азаматтыӊ жеке тұлғасы анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 296-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестіӊ 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, облыс көлемінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестіӊ іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде, анықталған есірткі қылмыстарыныӊ саны 3 есеге (35-тен 124-ке), оныӊ ішінде есірткі затын өткізу 33 пайызға (15-тен 20-ға), есірткі алқаптарын заӊсыз егу 100 пайызға (0-ден 4-ке) өсім алған.

2015 жылдыӊ 5 айында заӊсыз айналымнан 12 кг. 636 гр. есірткі заттары тәркіленді. Соӊғы бес жылдыӊ ішінде облыстық наркологиялық есебінде тұратын азаматтардыӊ саны 40 пайызға, оныӊ ішінде әйелдер саны 4 есеге төмендеу тенденциясы байқалады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны