14.08.2015, 18:16 4729

Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруды жою акциясын өткізді

Айта кетерлік жайт, осы жылы заӊсыз айналымнан алынған атыс қарулары 3-ші рет жойылып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 171 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген, ерікті тапсырған, тауып алынған қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан алып тастау мақсатында қару жою науқанын өткізді. Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, құрамына облыстық ішкі істер департаментініӊ тиісті сала қызметкерлері мен Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ өкілі қатыстырылды. 2015 жылдыӊ ІІІ тоқсанында жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 90 бірлік қару, атап айтқанда, 69 тегіс ұӊғылы қару, 18 газды травматикалық қару, 3 тегіс ұӊғылы қару жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кетерлік жайт, осы жылы заӊсыз айналымнан алынған атыс қарулары 3-ші рет жойылып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 171 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны