02.06.2015, 10:51 3789

Қызылордалық полицейлер бірнеше пәтерді тонаған әккі ұрыларды қолға түсірді

Қызылордалық полицейлер Оӊтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлерімен біріге отырып бірнеше мәрте пәтерлерді тонап, бой тасалап жүрген Шымкент қаласыныӊ 1981 жылы туылған тұрғынын ұстады

Қызылорда. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Қызылордалық полицейлер Оӊтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлерімен біріге отырып бірнеше мәрте пәтерлерді тонап, бой тасалап жүрген Шымкент қаласыныӊ 1981 жылы туылған тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күдікті азамат Б.Н. өзініӊ сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 2015 жылдыӊ 3 сәуірі күні Қызылорда қаласындағы бір пәтер есігініӊ кілтін іріктеу арқылы ашып кіріп, 1 000 АҚШ долларын, 780 000 теӊге көлеміндегі ақшасын және бірнеше дана бриллиант пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Нәтижесінде, жәбірленушіге 3 950 000 теӊге және 1 000 АҚШ доллары көлемінде мүліктік шығын келтірген.

Осындай тәсілмен тағы да 6 пәтер ұрлығы қылмысын жасағандары анықталды.

Бүгінгі таӊда сезікті азамат Б.Н.-ныӊ бас шарасы қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабыныӊ 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, сезікті азамат Б.Н.-ныӊ бір сыбайласы 1982 жылы туылған Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласында абақтыға жабылып, бас шарасы қамауға алынды.

Сезіктілердіӊ басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-тергеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жоғарыда аталған екі азаматтыӊ, тағы екі сыбайласыныӊ қатысуымен Шымкент қаласында да бірнеше пәтер ұрлықтары орын алғандығы анықталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны