13.02.2015, 21:51 3563

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топты құрықтады

Бүгінгі таӊда облыс көлемінде мал ұрлығы қылмысы өзекті тақырыпқа айналып отырған мәселе.

Қызылорда. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда облыс көлемінде мал ұрлығы қылмысы өзекті тақырыпқа айналып отырған мәселе. Осы бағытта тәртіп сақшалары мал ұрлығы қылмыстарыныӊ алдын алу, жолын кесу, болдырмау бағытында біраз жұмыстар атқаруда. Осындай ұрлық қылмысы 3 азаматтан құралған қылмыстық топтыӊ алдын ала сөз байласып, іс-әрекеттеріне жоспар құру бағытымен орын алған. Атап айтқанда, 2014 жылдыӊ 30 желтоқсанында 1992 жылы туылған Шиелі ауданы тұрғыны, 1989 жылғы Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны оӊай жолмен ақша табу мақсатында алдын ала келісімге келіп, "Nissan Primera" маркалы автокөлігімен Қарауылтөбе ауылына барады. Осы ауылдыӊ тұрғыны Ж.Қ. есімді азаматтыӊ үй ауласындағы мал қорасынан 1 бас қойын көліктіӊ жүксалғышына салып, оқиға болған жерден бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл қылмыстарымен тоқтамай, қаӊтар айыныӊ 28-не қараған түні жоғарыда көрсетілген 2 азамат Титов қыстағы тұрғыныныӊ үй ауласындағы мал қорасынан 2 бас қойын ұрлап, 50000 теӊге көлемінде шығын келтірсе, сол түні Қараөзек елдімекенініӊ тұрғыны Б.Б. есімді азаматтыӊ жеке иелігіндегі мал қорасынан тағы 2 бас қойын ұрлап, 45000 теӊге көлеміндегі залал келтірген. Барлық қылмыстарын көліктерініӊ көмегімен іске асырып, оқиға болған жерден дереу бой тасалап отырған.

Жоспарлаған қылмыстық істерін бұдан әрі жалғастырып, қастарына ортақ таныстары 1993 жылы туылған М.Б. есімді азаматты қосып алады. 3 адамнан құралған қылмыстық топ 2015 жылдыӊ ақпан айыныӊ 5-не қараған түні Абай ауылы тұрғыныныӊ 2 бас қойын, Көкжиде ауылы тұрғыныныӊ 65000 теӊге тұратын 1 баспағын ұрлаған. Жоспарлы істерін жүзеге асырып келе жатқан жолда Қызылорда ҚІІБ-ныӊ Жол-патрульді полиция батальоны қызметкерлері күдік тудыратын автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында жүксалғышта ұрланған қойлар айғақ зат ретінде алынған.

Қазіргі таӊда Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылыныӊ тұрғыны М.М. есімді және Қызылорда қаласыныӊ тұрғындары А.М., М.Б. есімді азаматтар күдікті ретінде ұсталып, Қызылорда қалалық ІІБ-ныӊ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жұмыстары барысында, бұл азаматтардыӊ қатысуымен жоғарыда аталған қылмыстардан бөлек тағы 6 мал ұрлығын Шиелі ауданында жасағандығы анықталды.

Атап айтсақ, 2014 жылдыӊ 21 тамызында Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы тұрғыныныӊ 3 бас қойын ұрлап, 120000 теӊге көлемінде шығын келтірсе, 2015 жылдыӊ 02 ақпанында дәл осы елдімекенніӊ П.Қ. есімді тұрғыныныӊ 2 бас қойын ұрлап, 60000 теӊге көлемінде шығын келтіргені анықталған. Сезіктілер орын алған барлық мал ұрлығы деректері бойынша кінәларын мойындап отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция қызметкерлері бөтен мүлік ұрлығыныӊ алдын алу мақсатында облыс тұрғындарына малдарды қараусыз жібермей, күзетті күшейту керектігін және мал ұрлығы қылмысы орын алған жағдайда уақытты шығындап, өз бетінше іздеуге тырыспай, тәртіп сақшыларына хабар беру қажеттігін ескертеді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны