23.10.2018, 16:05 4054

Қызылордалық полицейлер облыс көлемінде "Браконьер" іс-шарасын өткізуде

Иуесқойлық (спорттық) аӊ аулау үшін аӊшыда мынадай құжаттар болуы қажет:аӊшы куәлігі;жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты;аӊшылық шаруашылығы субъектісініӊ жолдамалары;аӊшылық атыс қаруын қолданып аӊ аулаған кезде - азаматтық қару мен оныӊ патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты.

Қызылорда. 23 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы қазан айыныӊ 20-24 күндері аралығында Қызылорда облысы көлеміде "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараныӊ мақсаты - табиғатты қорғау заӊнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерініӊ заӊсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ 27.02.2015 жылғы "Аӊ аулау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әуесқойлық (спорттық) аӊ аулау үшін аӊшыда мынадай құжаттар болуы қажет:

1. аӊшы куәлігі;

2. жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты;

3. аӊшылық шаруашылығы субъектісініӊ жолдамалары;

4. аӊшылық атыс қаруын қолданып аӊ аулаған кезде - азаматтық қару мен оныӊ патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты.

Аӊ аулауды өткізу мерзiмдерiн Сіздердіӊ назарларыӊызға ұсынамыз:

Жануарлар түрлері Аӊ аулау мерзiмдерi

Су тышқан (ондатра) 1 қазан - 15 ақпан

Кәдiмгi тиiн 20 қазан - 15 ақпан

Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы),

Сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (құм қоян, ақ қоян, ор қоян) 1 қараша - 15 ақпан (аӊ аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап аулау)

Зорман (сары тышқан) ұйқыдан шыққаннан бастап - 30 сәуiрге дейін

Суырлар* 15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін

Шалшықшылар, жылқышы 1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін

Бөдене, кептер, түркептер 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аӊ аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)

Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ қыркүйектіӊ алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өӊірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оӊтүстік өӊірлер бойынша.

Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл қыркүйектіӊ алғашқы сенбісінен - 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап)

Құр қыркүйектіӊ алғашқы сенбісінен - 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оӊтүстік аймақтар бойынша.

Борсық қыркүйектіӊ алғашқы сенбісінен - 31 желтоқсан

Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан 1 қыркүйек - 31 желтоқсан

Сібір елігі 20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Сібір тау ешкісі 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап)

Гималай ұлары, кекiлiк 1 қазан - 15 желтоқсан

Құндыз 15 қазан - 31 желтоқсан

Қырғауыл 15 қазан - 31 желтоқсан (аӊ аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап)

Қызылорда ОІІД-ніӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны