05.05.2017, 17:38 7968

Қызылордалық полицейлер соғыс ардагерлерініӊ және қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкердіӊ шаӊырағында болды

2017 жылғы 4 мамырда тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері Бержанов Махамбет пен Сақтағанов Дәуітбайдыӊ және қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан учаскелік полиция инспекторы, ІІ дәрежелі "Айбын" орденініӊ иегері Қозыбаев Талғаттыӊ шаӊырағында болып, сый-құрмет көрсетті.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеӊіс мерекесі қарсаӊында Қызылорда облысы ішкі істер департаментініӊ басшылығы, Ардагерлер кеӊесі, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімініӊ басшылығы мен аудан әкімдігі Ұлы Отан соғысына қатысқан ішкі істер органдары ардагерлерін мерекелерімен құттықтады,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

2017 жылғы 4 мамырда тәртіп сақшылары Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері Бержанов Махамбет пен Сақтағанов Дәуітбайдыӊ және қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан учаскелік полиция инспекторы, ІІ дәрежелі "Айбын" орденініӊ иегері Қозыбаев Талғаттыӊ шаӊырағында болып, сый-құрмет көрсетті.

Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Бержанов Махамбет 1943 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылады. Забайкал әскери округі 36-шы армиясыныӊ 293-ші атқыштар полкінде Чита облысында әскери борышын атқарып, 1945 жылы жапон соғысына қатысады.

Ішкі істер органдарына 1954 жылы кабылданып, Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімініӊ бастығы лауазымына дейін көтерілген.

Ұлы Отан соғысы жылдарында "Жапонияны жеӊгені үшін" I дәрежелі орденімен, "Ерен еӊбегі үшін", "Кеӊес милициясына - 50 жыл" медальдарымен наградталып, "Үздік қызметі үшін" омыраулық белгісімен марапатталған. Бүгінде Бержанов Махамбет немере-шөбере сүйген ардақты ата. Ол тәрбиелеп өсірген 7 баладан 21 немере, 15 шөбере өрбіген. Ұлы Отан соғысы ардагері өздері сыйлаған егемен, тәуелсіз елде ұрпақтарыныӊ бақытты өмір сүретініне тәуба етеді.

Сонымен қатар, дәл осы күні полиция қызметкерлері Сақтағанов Дәуітбай ардагердіӊ де үйінде болды. Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Сақтағанов Дәуітбай 1943-1948 жылдары Қызыл әскер қатарына шақырылып, 210 атқыштар дивизиясыныӊ 649-полкінде, онан соӊ №39 атқыштар дивизиясыныӊ 50-полкінде қатардағы жауынгер ретінде Жапониямен соғыста, Манчжурияны азат етуде болған шайқастарға қатысқан. Тереӊөзек, Қармақшы аудандық милиция бөлімінде бақылаушы, №728 арнайы комендатурасы комендантыныӊ көмекшісі, оперативтік уәкіл, арнайы комендатура коменданты, аға тергеуші қызметтерін атқарған.

"Жапонияны жеӊгені үшін" орденімен, І және ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және т.б. медальдарымен, ОІІБ-ніӊ Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазіргі таӊда ардагер 10 баладан 18 немере сүйіп, 7 шөбереніӊ қолынан су ішіп отыр. Ол немере, шөберелеріне соғыс жайлы әӊгімелер айтып, бейбітшіліктіӊ әр күнін бағалау қажеттігін үндеп отыратынын жеткізді.

Қарт сарбаздар қонақтарға жеӊістіӊ қандай қиындықпен келгенін айтып, сұм соғыстыӊ қасіреті жайында сыр шертті.

Қарулы қылмыскерді тоқтатып, көмек сұрап келген азаматтыӊ өміріне араша түсу кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін учаскелік инспектор полиция лейтенанты Талғат Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Қазіргі таӊда Сырдария ауданыныӊ Мәлібаев ауылыныӊ бір көшесіне оныӊ есімі беріліп, бұрын өзі оқыған № 135 орта мектебініӊ ауласында оған ескерткіш қойылып, сол мектептіӊ бір сыныбына соныӊ аты берілді

Ішкі істер органдарыныӊ ардагерлері және бейбіт елдіӊ батыры Т.Қозыбаевтыӊ ата-анасы полиция қызметкерлеріне көрсетіп жатқан құрметтері үшін ризашылығын, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, баталарын берді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары осындай егемендікті, жарқын болашақты сыйлаған соғыс ардагерлерініӊ еӊбегі зор екендігін ерекше атап өтіп, естелікке бағалы сыйлықтарын ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны