30.05.2017, 18:10 3820

Қызылордалық полицейлер жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жаза қолданылатынын ескертеді

Жаӊадан қабылданған заӊнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексіне жаӊа өзгерістер мен толықтырулар жасалып, 2015 жылдыӊ 01 қаӊтарынан бастап күшіне енгені белгілі. Жаӊа заӊнамаларға енгізілген жаӊа нормалардыӊ негізінде бірнеше баптардыӊ мазмұны мен төркіні қатаӊдатып отыр. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет, қылмыс саналатын - экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін де жауапкершілік күшейтілді. Жаӊадан қабылданған заӊнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау 273-бап болып өзгертіліп, шара ретінде алты жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген. Яғни, күшін жойған Кодекстегі "екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге әкеп соғады" деген бөлімдер алынып тасталғанын байқауға болады.

Терроризм актісі - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, мемлекеттік органдардыӊ, өзге мемлекеттердіӊ және халықаралық ұйымдардыӊ шешім қабылдауына ықпал ету немесе мемлекет, қоғам қайраткерлерініӊ қызметін тоқтату және бұрыс деп есептеген іс-әрекеті үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға, ұйымдарға қарсы жасалатын немесе жасаймын деп қорқыту әрекеті болып табылады.

Аталған қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардыӊ ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодексте көрсетілген жауапкершіліктен бөлек аталған құқыққа қарсы әрекеті үшін мемлекеттік органдарға келтірген залалын толық мөлшерде өтейді.

Бұл қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатқызылатынын айта отырып, бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардыӊ жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайтынын ескертеміз.

2016 жылдыӊ көлемінде Жедел басқару орталығыныӊ пультіне жарылғыш затына ұқсас күдікті заты табылғаны жөнінде жалпы 8 хабарлама берілген, оныӊ 3 хабарламасы жалған хабарлама болып түскен. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында жалған хабарлама таратқан күдікті азаматтар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тиісті шешім қабылдану үшін Қызылорда қалалық сотына жолданды.

Сондай-ақ, 2017 жылдыӊ басынан бері Жедел басқару орталығыныӊ пультіне жарылғыш затына ұқсас күдікті зат табылғаны жөнінде жалпы 4 хабарлама түскен. Аталған хабарламаларды тексеру барысында азаматтар қырағылық көрсетіп, көшеде көрген күдікті заттарды анықтап, халықтыӊ қауіпсіздігін сақтауда азаматтық борышын танытып, ІІО хабарлама бергендері белгілі болды.

Осыған орай, облыс тұрғындарынан өздерімен бірге жолға алып шыққан заттарға жауапты болып, қараусыз қалдырмауды сұрай отырып, аталған іс-әрекеттер халық арасында үрей тудыратындығын еске саламыз,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны