19.05.2017, 15:26 5878

Қызылордалық "Жас құтқарушылар" құрамасы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерініӊ іс - шараларына белсене қатысып отырады

Колледж студенттері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерініӊ іс - шараларына белсене қатысып отырады. Сонымен қатар 2015 жылы "Қазқұтқару - 2015" халықаралық жиын - семинарына қатысқан жас құтқарушылар екінші орын иеленді.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордалық "Жас құтқарушылар" құрамасы 2012 жылы қыркүйекте құрылды. Топ негізінен Абылайхан атындағы колледждіӊ студенттерінен жасақталған. Ир жаӊа оқу жылында топ құрамы жаӊарып отырады. Құрама жетекшісі - жоғары сыныпты, тәжірибелі құтқарушы, оқытушы Айбек Сұлтанбеков.

Жас құтқарушылар құрамасы құрылған уақыттан бастап, қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындар иемденіп жүр. 2014 жылы 22-28 маусымда Изербайжан Республикасындағы Гябяля қаласында өткен халықаралық жарысқа ТМД елдерінен келген 23 команданыӊ арасында қызылордалық "Жас құтқарушылар" құрамасы мәртебелі үшінші орында жеӊіп алды.

Колледж студенттері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерініӊ іс - шараларына белсене қатысып отырады. Сонымен қатар 2015 жылы "Қазқұтқару - 2015" халықаралық жиын - семинарына қатысқан жас құтқарушылар екінші орын иеленді. Бұл - кәсіби құтқарушы болуға дайын жас студенттердіӊ жетістіктерініӊ бір қыры ғана.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны